АҚШ-та Пржевальский жылқысының клондалған құлыны дүниеге келді

Сан-Диего қаласының сафари-бағында Пржевальский жылқысының клондалған құлыны дүниеге келді.

Бұл құрып кету қауіпі төнген жануардың түрі. Жылқының ДНК-сін осыдан 42 жыл бұрын мұздатып, сақтап қойған еді.  Жасанды ұрықтандырудан кейін құлынды ат жарыстарына арналған бие туған. Бұл сирек кездесетін жануар түрлерінің генетикалық саналуандығын арттыруға арналған бағдарлама аясында жасалған шара. 1994-жылға дейін Пржевальский жылқысы табиғатта құрып кеткен жануар саналатын.