Чехияда президент сайлауының алдын ала нәтижесі белгілі болды
Чехияда өткен президент сайлауының екінші кезеңінде Петр Павел жеңіске жетті. Оған сайлаушылардың 58%-і дауыс берген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Десе де нақты қорытынды ресми түрде 31 қаңтардан кейін жарияланады. Петр Павел кезінде НАТО-ның әскери комитетінің басшысы болған. Ал сайлаудың екінші кезеңінде елдің бұрынғы премьер-министрі Андрей Бабиш оның басты қарсыласы болды. Бұрынғы үкімет басшысы саяси додада 42% дауыс жинады.