Пәкістандағы жарылыстан қаза тапқандар саны артты
Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыстан қаза тапқандар саны артып, 59-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 150-дей кісі жараланған. Қазір оқиға орынында іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Билік құрбандар саны артуы мүмкін деп отыр. Ал мәліметке қарағанда, лаңкестік түскі намаз кезінде жүзеге асырылған. Содыр бомбаны адамдар намаз оқып жатқанда іске қосқан. Жойқын жарылыстан мешіттің төбесі мен қабырғалары қирап, адамдардың көбін басып қалған. Оқиға кезінде мешіттің іші сыртында 400-дей кісі болған. Көбі – полицейлер. Террорлық әрекетті «Пәкістандық тәліптер қозғалысы» тобы мойынына алды.