Жаңа Зеландияда су тасқыны қаупі сейілмей тұр
Тұрғындарға кезекті рет ескерту жасалды. Өйткені елдің солтүстігінде нөсер толастар емес. Осыған байланысты өңірде төтенше жағдай жарияланды.
Бірнеше күн бұрын аймақтағы Окленд қаласын су басқан еді. Салдарынан 4 адам опат болды. Шаһарда небәрі бір тәулікте жауын-шанның 3 айлық нормасы жауған. Өткен аптада қала тарихындағы ең жаңбырлы күн тіркелді.