Әлемде азық-түлік тауарларының бағасы өсті
2022-жылдың қорытындысы бойынша әлемде азық-түлік тауарларының бағасы өсті. БҰҰ-ның сарапшылары жаппай бағаның өсуі бірінші рет тіркеліп отыр дейді.
Әсіресе дақылдардың бағасы шарықтап кеткен. Желтоқсан айында, астықтың бағасы тұрақталды. Сатушылар арасында бәсеке күшейіп, ахуал сәл жақсарған. Сондай-ақ, әлем бойынша өсімдік майы, сүт өнімдері, ет және қант қымбаттаған.