ОАР-да энергетика дағдарысы жайлап алды
Оңтүстік Африка Республикасын энергетика дағдарысы жайлап алды. Бұл елде қазір күніне 10 сағатқа дейін жарық болмайды.
Бұдан бірінші кезекте ауруханалар зардап шегіп отыр. Генераторларға құятын жанармай мүлде жоқ. Бағдаршамдар да істемей, көлік қозғалысы қиындап кетті. Жол апаты жиілеген.
Дани Малангу, жергілікті тұрғын:
- Анам ауыр науқас. Бірақ ауруханалар қабылдамайды. Ауруы күннен күнге асқынып барады. Айырылып қаламыз ба деп қорқамын.
АҚШ-тың оңтүстік аймақтары да жарықсыз отыр. "Рейтердің" хабарлауынша, Техас, Арканзас, Миссисипи және Теннесси штаттарында 150 мыңнан астам тұрғын үй мен шаруашылықта қуат көзі жоқ. Өйткені биылғы қыс қатты болып жатыр. Боран мен қатқан қалың мұз электр желілерін үзген. 8 адам жол апатынан көз жұмған.