Баварияда банкомат тонағандар ұсталды
Германияда банкоматтарды бұзып, 5 млн 200 мың еуроны қолды еткен 8 күдікті қамауға алынды.
Неміс билігінің мәлімдеуінше, олар көршілес Нидерланд пен Бельгияда ұсталған. Күдіктілер Ауғанстан, Түркия, Марокко, Румыния және Нидерландтың 25 пен 41 жас аралығындағы азаматтары болып шықты. Қазір оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Сондай-ақ полиция банкоматты бұзып ұрлық жасаған үш адамды іздестіруде.
Юрген Харле, Бавария аймағының ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің басшысы:
- Бұл қылмыстардың қауіп-қатер деңгейі әскери жаралыстармен бірдей деп салыстыруға болады. Қолда бар мәліметтер бойынша, бір банкоматтың есігін жарғанда, оның күшінің ауқымы 70 метр айналаны қамтыған. Жанындағы көліктерге зақым келтірген. Осы уақытта сол жерде адам болса, ол тіл тартпай кететін еді.