Чехияда қазақстандық жауынгерлердің жерленген жері табылды

Чехияда соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жерленген жері табылды. Қан майданда мерт болған жүздеген марқұмның аты – жөні Прагадан жіберілген тізімде болған.

Олар еліміздің әртүрлі өңірінен майданға шақырылған отандастарымыз. Бұл тізім қазір петропавлдық тарихшы Анатолий Плешаковтың қолында. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің еңбек сіңірген профессоры тізім бойынша 4 адамның туған-туысын тауып алған. Сұм соғысқа аттанған боздақтар бұл күнге дейін із-түссіз жоғалғандардың қатырында болған еді. Белгілі археологта олардың зираттарының фотосуреттері де бар.

Анатолий Плешаков, Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ еңбек сіңірген профессоры:

- Мен бұл тізімді өзімнің тарихшы достарым арқылы Қазақстан бойынша таратқым келеді. Қазір Чехиядан солтүстікқазақстандық Виктор Атьковтің моласынан алынған бір уыс топырақты күтіп отырмыз. Бұл мәліметтер соғыста із-түссіз жоғалған жауынгерлердің туыстарына қызықты болады деп ойлаймын.

Сондай-ақ...