АҚШ-тағы темір жолда алапат өрт болды
АҚШ-та қауіпті зат тасымалдаған пойыздың 50 вагоны рельстен шығып кетті.
Мұның соңы алапат өртке ұласты. Оқиға Огайо штатында болған. 100 вагонның 20-сына, винил-хлорид тиелген екен. Бұл тез жанғыш газ. Өртенген кезде қоршаған ортаға қауіпті заттар бөледі. Осыған байланысты өңірде төтенше жағдай жарияланып, теміржол жанындағы ауыл тұрғындары эвакуацияланды. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ.