Ежелгі адамның цифрлық көшірмесі жасалды

Естімеген елде көп. Қола дәуірінде өмір сүрген Эгтведтік қыздың цифрлық көшірмесі жасалды.

Оның сүйектері Даниядағы мұражайда сақталған. Ғалымдар соларға Метаверз технологиясын қолданған. Енді мұражай келушілерін мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген адамның цифрлық бейнесі қарсы алып, сол кездің тарихын баяндайды. Эгтведтік қыздың сүйектері 1921-шы жылы табылған. Ғалымдардың пайымдауынша, ол біздің заманымызға дейінгі 1390-1370 жылдары өмір сүрген болуы мүмкін.