Мексика мектептерінде велопарталар орнатылып жатыр
Оқушылар сабақ оқып қана қоймай, спортпен де айналыса алады.
Мұндай парталардың таңдалуы бекер емес. Жақында жүргізілген зерттеуге сәйкес, елде 5 пен 11 жас аралығындағы балалардың 19 проценті семіздікке шалдыққан. Пандемиядан кейін артық салмақ мәселесі тіпті ушығып кеткен.
Санхуанита Гарсиа, мектеп директоры:
- Онлайн оқудан кейін балалар мектепке оралғанда, олардың біразы артық салмақ жинағандарын айтты. Бұл әсіресе ұлдар арасында қатты байқалып отыр. Бұдан бөлек оқушылардың сабаққа зейін қоймауы да жиілеп кетті. Сондықтан біз бір оқпен екі қоянды атып, велопарталар орнаттық. Бұл балалардың арықтауына септігін тигізеді. Сонымен қоса дене шынықтырудан кейін балалардың сабаққа ынтасы да артады.