Кипрда президенттік сайлау өтіп жатыр
Кипрда президенттік сайлау өтіп жатыр.
Саяси доданың екінші кезеңіне бұрынғы Сыртқы істер министрі, 32% дауыс жинаған Никос Христодулидис және 29% солшылдар партиясының жетекшісі Андреас Маврояннис өтті. Консервативті партия өкілі саяси доданың ақтық сынына жете алмай қалды. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, басты саяси науқанға электораттың 72%, шамамен жарты миллион адам қатысқан.
Айта кетейік, қазір тұрғындарды елдегі белең алған жемқорлық пен шарықтап кеткен инфляциямен күресу жолдары алаңдатып отыр. Жоспар бойынша, президенттік сайлаудың екінші кезеңі ақпанның 12-сі өтеді.