Түркияда 1700-ден астам ғимарат жермен жексен болды
Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан, қаза тапқандардың саны 284 адамға жетті. Ресми ақпарат бойынша жарақат алғандар, екі мыңнан асқан. 1700-ден астам ғимарат жермен жексен болды.
Үйінділер астында қалып қойғандар саны белгісіз. Ішкі істер министрінің мәліметінше, жер сілкінісінен 10 провинция зардап шекті. Осы өңірлерде, білім беру орындары уақытша жұмысын тоқтатты. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Тап қазір аймақта қар аралас жаңбыр себелеп тұр. Бұл да құтқарушылардың жұмысын қиындатты.
Айта кеткен жөн, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі, апат аймағында ел азаматтарының бар- жоғын анықтап жатыр.