Түркияда апаттан зардап шеккендер өзге аймақтағы ауруханаға жеткізіліп жатыр

Түркияда апаттан зардап шеккендер өзге аймақтағы ауруханаға жеткізіліп жатыр

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендер апат аймақтарынан басқа аймақтағы ауруханаларға жеткізіліп жатыр.

Себебі аталмыш провинциялардағы медициналық мекемелерде, орын жоқ я болмаса ғимараттар жарамсыз. Соңғы ақпарат бойынша, зілзаладан жарақат алғандар саны 20 мыңнан асқан. Қазір Түркияға көптеген елдер көмек қолын созуда. Естеріңізге сала кетейік, қос жер сілкінісінде, қаза тапқандардың саны 3419, ал құтқарылғандардың саны 8 мыңнан астам.