БҰҰ Түркия мен Сирияға жер сілкінісінен жапа шеккендерге 25 млн доллар бөлді

БҰҰ Түркия мен Сирияға жер сілкінісінен жапа шеккендерге 25 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек жібереді.

Қазір халықаралық құрылым өкілдері Түркияның Адана қаласында қолдау шараларын талқылауға кірісті. Жуық арада бір топ маман Газиантеп шаһарындағы құтқарушыларға қосылады. Ал БҰҰ-ның Балалар қоры Сирияда зілзаладан жапа шеккен отбасыларға ауызсу мен өзге де аса қажетті заттарды жеткізумен айналысып жатыр.

Стефан Дюжаррик, БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі:

- Сирия бұған дейін де гуманитарлық дағдарысты бастан кешіп жатқан болатын. Бұл қолдау шараларын біршама тежеуі мүмкін. Бірақ біз зілзаладан жапа шеккендерге көмекті барынша жылдамдатуға күш салатын боламыз.