Сеул Пхеньянға санкция салды
Оңтүстік Корея бауырлас көрші елге санкция салды.
Шектеулер Солтүстік Кореяның елдің киберкеңістігіне қарсы әрекет жасаған үшін жарияланды. Қара тізімге Солтүстіктің 4 азаматы мен 7 ұйымы енгізілді. Ресми Сеул бұл тұлғалар Пхеньянның ядролық және зымырандық бағдарламаларын қаржыландыру үшін криптовалюта ұрлаумен айналысқан дейді. Ал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәліметіне сүйенсек, 2021-ші жылы Солтүстік Корея 400 миллион доллардай электрондық ақшаны қолды еткен.