Хорватияда тамақ дайындайтын робот бар

Хорватиядағы мейрамханалардың бірінде асты роботтар дайындайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар 70-тен аса түрлі тағам жасай алады. Асқа қажетті азықты адамдар жеткізіп береді. Май мен дәмдеуіштердің қажетті мөлшерін роботтардың өздері анықтайды. Осылайша, 15 минутта 4 тағам дайындалады. Мейрамхана иелерінің айтуынша, жобаны жүзеге асыруға 7 жыл кеткен.