Молдова үкіметі отставкаға кетеді
Молдова үкіметі отставкаға кететін болды. Бұл туралы премьер-министр Наталья Гаврилица мәлімдеді.
Сарапшылардың пікірінше, бұған ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс түрткі болған. Заң бойынша, алдымен, премьер-министр қызметінен кетеді, кейін үкімет мүшелері орындарын босатады. Бұдан соң президент Майя Санду парламенттік фракциялармен кеңес өткізіп, үкіметтің жаңа басшысын ұсынуға тиіс. Наталья Гаврилица премьер-министр қызметін 2021 жылдың тамыз айынан бері атқарып келді.