Түркия мен Сирияда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Мына кадрларда Түркияның Кахраманмараш провинциясындағы құтқару жұмыстарын көруге болады.

Мамандар жер сілкінгеннен кейін 5 күн өткеннен соң 2 адамды аман алып шықты. Зардап шеккендер түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Түркияның Хатай провинциясында 101 сағаттан кейін кішкентай қыз әкесі екеуі аман шықты. Олар 8 жасар Тания мен 43 жастағы Джим екені анықталды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұдан бөлек, осы провинцияда үйінді астында 89 сағат жатқан бір бала құтқарылды. Қазір әлеуметтік желіде мұндай кадрлар көптеп таралып жатыр. Ал мына кадрларда Диарбақырдағы ахуалды көруге болады. 103 сағаттан кейін бір әйел баласымен құтқарылды. Әзірге олардың денсаулығы жайлы ақпарат түскен жоқ. Бірақ дін аман екені белгілі.