Түркияда зілзала салдарын жою жұмыстары басталды

Түркияда зілзала салдарынан қираған көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Хатай әуежайындағы ұшу алаңы жаңғыртылды. Антакья қаласына жақын орналасқан әуежайды жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын. Мерсин-Адана-Газиантеп тасжолына келген залал салдары да жойылды. Кахраманмараштағы жер сілкінісі ошағында қалған жолды Кайсери провинциясының мамандары қалыпқа келтіріп жатыр.