Түркияда үйлер мен ғимараттар тексеріле бастады

Түркияда жер сілкінісінен зиян шеккен аймақтардағы үйлер мен ғимараттардың жағдайын тексеру басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірге дейін Қала құрылысына жауапты министрлік 132 мың нысанды қарап шыққан. 7,5 мыңнан аса ғимараттың құлау қауіпі жоғары болғандықтан, тез арада бұзылады. Тағы 13 мыңға жуық үй тұруға жарамсыз. Билік тексерісті 3-4 күннің ішінде аяқтамақ. Бұдан бөлек, комиссия зілзала кезінде 60 мыңнан аса үй-мен ғимаратқа ешқандай нұқсан келмегенін хабарлады. Ал 31 мың нысан аздап бүлінген.