Түркияда 1 апта көмек күткен әйел құтқарылды
Жойқын зілзала болған аймақта, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Сарапшылар жер сілкінісінен бір апта өткеннен кейін, үйінділер астынан тірі қалғандарды табу мүмкіндігі азайып бара жатыр дейді. Өйткені қыстың суығында, үйінділер астында қамалған жандардың, ауыз-суы мен тамағы жоқ. Дегенмен құтқарушылар үмітін үзбей отыр. Бүгін олар Антакья қаласында 174 сағат бойы, көмек күткен әйелді қирандылар астынан шығарып алды.