Түркияда құтқарушылардың жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Түркиядағы қираған үйлердің арасын аршу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы құрылғылардың көмегімен жол тазарту қолға алынды. Зардап шеккендерді іздеу жеңіл болу үшін құтқарушылар арматура, бетон, өзге де құрылыс қалдықтарын бөлшектеп, арнайы техникаға жүктеп жатыр.