Колумбияда реформаларды қолдау бойынша шеру өтті
Колумбияда президент ұсынған реформаларды қолдау бойынша шеру өтті. Митинг барлық ірі қаланы қамтыған.
Бұған дейін Густаво Петро кедейлік және теңсіздікке қарсы майдан ашқан болатын. Сондай-ақ Конгреске денсаулық сақтау саласын түбегейлі өзгерту туралы ұсыныс берді. Полицияның мәлімдеуінше, елдегі оппозиция, мемлекет басшысының бастамаларына араласпай, ереуілдің бейбіт өтіп жатқанын мәлімдеді.