Сиқырлы Мачу-Пикчу қаласы қайтадан ашылды

Перуде Мачу-Пикчу деп аталатын ежелгі қала туристер үшін қайта ашылды.

Шаһар 1 ай бұрын басталған бүлікке байланысты жабылған болатын. Елдің Мәдениет министрлігі әзірге 1 мың туриске билет сатылатынын жеткізді. Тарихи орынды ашпас бұрын билік, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері және кәсіпкерлер кеңес өткізді. Жиын қорытындысы ретінде көне қалада қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау туралы ортақ мәміле жасалды.