Румынияда түрік компаниялары салған ғимараттар тексеріледі
Румынияда түрік компаниялары салған барлық ғимараттар тексеріледі.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, зілзаладан кейін билік құрылыстардың сапасына алаңдай бастаған. Әсіресе жер сілкінісіне, бейім аймақтарға, қатты көңіл бөлініп жатыр. Тексеріс нәтижесінде тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ құрылыс материалдарын пайдалану стандарттары, қайта қаралмақ. Мамандар мектептер, сейсмикалық жағынан ең осал нысандар деп бағалайды.