Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды

Бұл 14 мың шақырымға дейін, яғни АҚШ-қа дейін жететін қауіпті дүние.

Бұл деректерді Жапонияның Қорғаныс күштері хабарлады. Жапондар: «мұндай континентаралық зымыранның ұшырылуы әлем елдерінің тұрақтылығы мен бейбітшілігіне нұқсан келтіруі мүмкін»,- дейді. Бұл Пхеньянның АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлесіп жасаған әскери жаттығуларына жауап болуы да мүмкін. Сеул көрші Солтүстік Кореяның бұл әрекеті БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің карарына қайшы келетінін мәлімдеді.