Солтүстік Корея тағы да 2 баллистикалық зымыранды ұшырды

Бұл туралы Жапония жағалау қызметі хабарлады.

Жуырда Солтүстік Корея басшысының қарындасы Ким Ё Чжон зілді мәлімдеме жариялаған еді. Ықпалы жағынан елдегі екінші тұлға АҚШ қимылына қарсы жауап ретінде Тынық мұхитын полигон ретінде қолданатынын айтқан. Ол Корея түбегі аймағындағы АҚШ стратегиялық қару-жарағын ел әскері мұқият аңдып отырғанын хабарлап, ел қауіпсіздігіне тікелей немесе жанама қауіп төнсе, дереу жауап береміз деп ескертті.