Абу-Дабиде Idex-2023 қару-жарақ көрмесі өтіп жатыр

Жоспар бойынша, 5 күндік шараға 65 елден 130 мың-ға жуық адам келеді.

Көрмеге 1 350 компания, 350 делегация, әскерилер және лауазымды тұлғалар қатысады. Бірінші күні жұрт назарына броньды аппараттар, дрондар және заманауи қорғаныс технологиясының жетістіктері көрсетілді. Биыл ең үлкен павильон - Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі. Мұнда үздік өнімдер халық назарына ұсынылды. Халықаралық шара ақпанның 24-не дейін жалғасады.