Түркия мен Сирияда зілзаладан зардап шеккендерің саны өсті
Түркия мен Сирияда қайталанған жер сілкінісінен кейін, зардап шеккендердің саны 1 мыңға жетті.
Түркия билігі зілзала ошағы Хатай провинциясында 600-ге жуық адам жарақат алғанын мәлімдеді. Ал Сирияда бұл көрсеткіш 500-ге жеткен. Анадолу агенттігінің хабарлауынша, қазір Хатайда 18 адамның халі мүшкіл. Жалпы Түркияда ақпанның 6-сынан бері зілзаладан көз жұмғандар саны 42 мың 300-ден асып отыр. Бір күнде қиранды астынан, мыңға жуық адамның мүр-десі табылды. Ал Сирияда зілзала құрбандарының жалпы саны 8 жарым мыңға жетті.