Калифорнияда бір млн адам жарықсыз қалды
АҚШ-тың Калифорния штатында жаңбыр жауып, кей мекендерді су басты.
Тасқыннан 1 миллионға жуық адам жарықсыз қалған. Аймақта көлік қатынасы тұралап, Лос-Анджелес қаласынан 4 мыңнан аса әуе рейсі кейінге шегерілген. Табиғат апатына байланысты кей округ тұрғындарын қауіпсіз жерлерге көшіру қарастырылып жатыр. Ал синоптиктер болса алдағы күндері аймақта дауыл соғып, қар мен жаңбырдың жаууы жалғасады деп ескертіп отыр.