Мозамбикте дауыл соңы тасқынға ұласты

Мозамбикте "Фредди" тропикалық дауылы соғып, бірнеше күннен бері толассыз жаңбыр құйып жатыр.

Елдің оңтүстігін су тасқыны басып, лай көшкіні жүрді. Баспанасынан айырылған тұрғындар бас сауғалап әлек. Билік оларды әзірге уақытша орындарға орналастырды. Зардап шеккен халыққа халықаралық ұйымдар да көмектесіп жатыр. Табиғи апатпен күрес жөніндегі жергілікті институттың мәлімдеуінше, тасқыннан 1 млн 700 мыңнан астам адам жапа шегуі мүмкін.