ЕАЭО елдерінде астық мол жиналды
Еуразиялық экономикалық одақ аумағында, былтыр дәнді дақылдар өсіру көрсеткіші 9 пайызға өсті.
Алдын ала мәліметке қарағанда одақта жалпы 187 миллион тонна астық жиналған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 27 пайызға артық. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәлімдеуінше ұйым елдері, мұндай жетістікке бидай мен бұршақ дәнді-дақылдарының есебінен қол жеткізген.
Ия Малкина, ЕЭО ресми өкілі:
- Одақтың барлық елдерінде астық мол жиналды. Мысалы, Арменияда ол 58 пайыз, Қырғызстанда 36, Қазақстанда 34,5, Ресейде 27, ал Беларусьта 19 пайызға артты.