Германияда коронавирусқа қарсы барлық шектеу алынды

Германияда коронавирусқа қарсы барлық шектеу алынды

Германияда коронавирусқа қарсы барлық шектеу алынды.

Сарапшылардың айтуынша елде вирусты жұқтыру азайып, жағдай тұрақталған. Осыған байланысты науқастарды карантинге жабу шарасы жойылды. Бұдан бөлек қоғамдық көлік пен қалааралық пойыздарда бетперде тақпаса да болады. Бірақ ауруханалар мен қарттар үйінде иммунитеті әлсіреген адамдарға қауіп төндірмес үшін бетперде кию талабы сақталмақ. Билік халықтың басым бөлігі дертке қарсы егілгендіктен коронавирустың жаңа толқыны болмайды деп пайымдап отыр. 

Клаудия, Берлин қаласының тұрғыны:

- Шектеулердің толық алынғанын естіп қуанып жатырмыз. Туыс-туғанмен араласудың өзі қиындап кетіп еді. Пандемия қайталанбасын деп тілеймін.