Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен зардап шеккендер көмекке зәру
Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен жапа шеккендерге ауыз су, азық-түлік және тұрмысқа аса қажетті заттар әлі жетіспей жатыр.
Бұл туралы аймақта гуманитарлық көмек көрсетіп жатқан халықаралық ұйымдар хабарлады. Олардың айтуынша, қазір тұрғындарға ең алдымен паналау орындары қажет. Себебі, зілзаладан 3 миллионға жуық адам баспанасынан айырылған. Ал Сирияда тіпті табиғат апатынан зардап шеккен аудандарға қатынау қиынға соғуда - дейді ұйым өкілдері. Себебі 10-жылдан астам уақытқа созылған азамттық соғыстан елдегі инфрақұрылым түгелдей қирап бүлінген.