Индонезияның Натуна аймағындағы лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 21 адамға жетті.
Құтқарушылар таудан аққан лай-батпақ астынан 8 тұрғынды аман-есен құтқарып алды. Бірақ әлі 33 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Апат ауданында 200-дей құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Лай көшкіні бір ауылдың 30-дан аса үйін шайып кеткені туралы да мәлімет бар.
