Испанияда аптап ыстық орнады

Сынап бағанасы 30 градусқа дейін көтерілген.

Мамандар бұл наурыз айына тән температура емес дейді. Оның үстіне батыстан жылы жел соғып тұр. Елге келіп, күнге жылынам деген туристерде есеп жоқ.

Делла Живонс, турист:

- Біз Британиядан келдік. Қазір біздің елде өте суық. Ұшағымыздың қанатына мұз қатып, ұша алмай, осында әрең жеттік. Ал мына жақта күн өте ыстық. Әрең бейімделдік, қиынға соқты.