АҚШ-та тағы бір банк жабылды
Бұл жолы Нью-Йорктегі «Signature Bank» банкротқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол – жүйелік тәуекелдерге байланысты қабылданған шешім.
Осының алдында ғана АҚШ-тың ірі 20 банкінің қатарына кіретін «Silicon Valley Bank» те жабылған еді. Ол 2008 жылы бүкіләлемдік қаржы дағдарысынан кейін құрдымға кеткен ең ірі банк болып отыр. Ұйым технологиялық кәсіпорындарды қаржыланжырумен айналысқан. Бұл жағдай қор нарығын құлдыратып, инвесторлар арасында дүрбелең туғызды. АҚШ әкімшілігінің өкілдері Silicon Valley Bank-ті құтқарып қалмайтындарын жеткізді. Десе де салымшыларына қолдау көрсетілетінін айтты.