АҚШ-та қазір инфляция баяулады
Еуропа жыл соңына дейін қаржы дағдарысынан шығамыз деп құлшынып отыр. Бюджет бекіп, салық жүйесі реттеледі.
Ал АҚШ-та қазір инфляция баяулады. Бірақ ірі банктердің жабылуы инвесторлар арысында дүрбелең туғызып, баға көтерілген. Жүрінен жаңылмай, тұрақты келе жатқандардың бірі - Қытай.
ЕуроОдақ 2023 жылдың аяғына дейін қаржы дағдарсынан шығуы тиіс. Одаққа мүше елдер салық пен бюджет жағдайын қалыпқа келтіреді. Қарт құрлық елдерінің экономикасы энергетикалық дағдарыстан шығып, инфляция деңгейін төмендетпек. Брюссельдің жоспары бойынша, Еуропа жыл соңына дейін бұрынғы макроэкономикалық жүйеге оралады. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасының орынбасары Валдис Домбровский мәлім етті. Біз энергтеикалық дағдарыстың бірінші кезеңінен өттік, Еуропа елдерінің экономикасы ретке келеді. Қазір ол панедемияға дейінгі қалыпта, деді ол. Дегенмен, инфляцияның ықпалы әлі де сезілуі мүмкін. Жағымды болжам жасау үшін көгілдір отынның бағасы қайта шарықтамауы тиіс. Еуропа елдері Ресей газына тәуелділікті барынша азайтты. Қазір оның құны 2021 жылғы көрсеткішке оралды, Бельгияда орта есеппен 1 текше метр газ бағасы 0,74 еуро шамасында.
Инфляция өсімі баяулады
АҚШ-та инфляция өсімі баяулады. Ақпан айында оның көрсеткіші 6 пайызға дейін төмендеді. Бұл қаңтарға қарағанда 0,4 процентке аз. Алайда, тұтынушылық баға керісінше көтерілген. Мәселен, азық-түлік құны 9,5%-ға қымбаттады. Бұл Trading Economics пен MarketWacth-тің келтірген деректері. Бірақ, жанармайдың бағасы 2 %-ке арзандапты. Федералды резервтік жүйе елдегі тұтыну көрсеткішін қадағалап отыр. Сондай-ақ, инфляцияның төмендеуі АҚШ-тың қор индекстерінің бағасының өсуіне алып келді. Десек те, Silicon Valley Bank мен Signature Bank-тің жабылуы инвесторлар арасында дүрбелең туғызып отырғаны рас.
Қытай банктерді несиелеуге қаржы бөлінді
Қытайдың Ұлттық банкі MLF атты несиелеу жобасына 70 млдр долларға жуық қаржы құйды. Кредиттің жылдық мөлшерлемесі 2,75%-ға жеткен. Ұлттық банк 7 ай қатарынан осындай көрсеткішті сақтап отыр. Соңғы айда банк жүйесінің табысы 280 млдр юаньге жетпек. Қазір елдің орталық банкі қаржы ұйымдарына барынша қолдау көрсетіп отыр. Бұл ел экономикасының қарқынды өсуінің айқын көрінісі дейді сарапшылар. Айта кетейік, MLF – елдегі ең басты несиелеу жүйесі. Оны билік елдегі коммерциялық банктердің деңгейіне әсер ететін құрал ретінде пайдаланады. Бұл бағдарлама толығымен Ұлттық банктің бақылауында.