Ұлыбританияда үкіметтік құрылғыларда TikTok қолдануға тыйым салды

Ұлыбританияда үкіметтік құрылғыларда TikTok әлеуметтік желісін пайдалануға тыйым салды.

Бұған дейін АҚШ пен Канада билігі және Еурокомиссия да TikTok-ке осындай тыйым салған болатын. Батыс елдері Тиктокты басқарушы компания пайдаланушылары туралы деректерді, Қытай үкіметімен бөліседі әрі олардың мақсаты бойынша үгіт жүргізіп, жалған ақпарат таратуы мүмкін деп күдіктенеді.