Парламенттік сайлау туралы халықаралық саясаттанушылар пікірі

«Елдің саяси жүйесін демократияландыру жолындағы тағы бір қадам».

Ресейлік бақылаушылардың пікірінше, бұл ел азаматтарына мол мүмкіндік береді. Парламенттік сайлау туралы халықаралық саясаттанушылар пікірі осындай.

Александра Перминова, Қытай және Азия елдері институтының ғылыми қызметкері:

- Саяси реформаның жергілікті жерлерде, яғни мәслихаттарда қалай жүзеге асырылатыны қызық. Ең маңызды көрсеткіштердің бірі - қазіргі саяси циклге бір мандатты қосу және тиісінше бәсекелестік парламенттік топтардың жаңаруына түрткі болғанын да көруге болады. Парламенттің жұмысын енді назарда ұстаймыз, өйткені, нақты заң жобаларын талқылау басталады.