Италияның туризм секторында маман тапшы

Пандемия кезінде салада жаппай қысқартулар жиілеп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қазір шектеу шаралары алынып тасталды. Бірақ кезінде туризмде еңбектенгендердің біразы жұмысын ауыстырып үлгерген. Сөйтіп қазір 50 мың маман жетпей жатыр. Әсіресе даяшы немесе ыдыс жуушы секілді жалақысы төмен жұмысқа адам табу қиын.

Туризм –Италия экономикасының маңызды секторы. Оның үлесіне жалпы ішкі өнімнің 12%-і тиесілі. Сондықтан билік сала тұралап қалмау үшін 500 мың мигрантты тартуға ниетті. Сонымен қоса жергілікті жастардың қызығушылығын арттыруға да ерекше көңіл бөлінбек.