ДДСҰ: Әлемде тырысқақ ауруы ушықты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде тырысқақ ауруы кең тарауы мүмкін деп ескертеді.
Бұған індет ошақтарының көбеюі себеп. Оған қоса ауруға қарсы тиімді вакцинаның жоқтығы – үлкен мәселе. Ұйымның ақпан айында жарияланған көрсеткішінен кейін тағы 4 мемлекетте ауру өршіп тұр. Осылайша, әлем бойынша 24 елде тырысқақ ауруы кең тарап жатыр.