АҚШ конгресі Tiktok басшысын сынға алды

АҚШ Конгресінде Тиктоктың басшысының қатысуымен жиын өтті.

Демократтар мен республикалықтар бұл әлеуметтік желінің қауіпсіздігіне күмән келтіретін айтты. Заң шығару органдарының өкілдері Бейжіңдегі "Байтденс" компаниясы Тикток пайдаланушылардың жеке деректерін  Қытай билігіне жеткізеді деп қауіптенетінін мәлімдеді. Ал бұл АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Тикток басшысы  Шоу Цзы Чу  “Біз Қытайдың компартиясымен жұмыс істемейміз, оларға барлаушы қызметін атқармаймыз” деп ақталуға кірісті.

Айта кетейік, қазіргі таңда Құрама Штаттарының 150 млн-дай азаматы желіні пайдаланады екен. Наурыз айының соңынан бастап, бұл елдің мемлекеттік қызметкерлеріне қосымшаны қолдануға ресми түрде тыйым салынбақ.

Шоу Цзы Чу, Tiktok платформасының бас директоры:

- Біріншіден, біз желі қолданушылар арасында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мән береміз. Екіншіден, АҚШ азаматтарының жеке деректері сырттан ұрланбау үшін жіті бақылау жүргіземіз. Үшіншіден, біз Үкімет тарапынан Тиктокты басқаруға немесе жұмысына араласуға жол берілмейді деп уәде етеміз.