Испанияның Валенсия аймағында орман отқа оранды

Испанияның Валенсия аймағында орман отқа оранды

Испанияның Валенсия аймағында орман отқа оранды.

Алапат өртке байланысты тұрғындар ресми нұсқау болмай-ақ шұғыл қауіпсіз жаққа көшіп жатыр. Төтенше жағдай мекемелері 600 адамға арналған уақытша паналау орталығы мен дала ауруханасын тұрғызып үлгерген. Кейбір кісілер тілсіз жаудың алдын алуда билікті әрекетсіздік танытты деп айыптады. Қазірдің өзінде 1 мың гектар жасыл желек жанып кеткен. Өрт сөндіруге 15-ке жуық арнайы ұшақ тартылды.

"Бізге билік тарапынан ешқандай ескерту келген жоқ. Өз бетімізбен көшіп жатырмыз. Мына өңірдегі жолдар өте тар. Сондықтан ерте қамдану керек деген шешімге келдік".

Эквадордың ГуаякИль қаласын тасқын су басты. "Йаку" дауылы жауын-шашын ала келген. Гуайас өзені арнасынан тасып, жағдай одан сайын қиындады. Жергілікті билік қолайсыз ауа-райынан 21 адамның ажал құшқанын және 23 мың тұрғынның баспанасыз қалғанын хабарлады.