Ташкентте «Дарындар сазы» байқауының кезекті кезеңі өтті
Халықаралық «Дарындар сазы» байқауының кезекті кезеңі өтті.
Бұл жолы сайыс Ташкентте ұйымдастырылды. Өнер бәйгесіне Қазақстан мен Өзбекстанның талантты өрендері қатысты. Арасында үлкен сахнаға алғашқы қадамын жасаған қаракөздеріміз де бар. Олар ән айтып, би билеп әрі музыкалық аспапта ойнады. Жалпы саны 300-дей қатысушы бағын сынады. Байқау бұдан бұрын еліміздің өңірлерінде өткен. Жылына бірнеше мәрте ұйымдастырылады. Оның нәтижесінде үздік атанғандар Түркиядағы халықаралық балалар байқауына жолдама алады.
Айна Омарова, ұйымдастырушы:
- Бұл байқауды қазақ мәдени орталығымен ұйымдастырып отырмыз. Дәстүрлі түрде өтіп тұрады. 2023 жылғы үшінші байқау. Ауқымды түрде Қазақстанның қалаларында өтті. Енді Ташкентке кеп отырмыз. Бұдан кейін дәл осы атпен Ыстықкөл, Бурабайда, Астанада жоспарлаулы тұр.