Израильде ереуілдер өршіп тұр
Тель-Авивте мыңдаған адамның қатысуымен тағы наразылық шарасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кей аудандарда ашуға ерік берген жұрт полициямен қақтығысқан.
Халық сот реформасына қарсылық білдіріп, мемлекет басшысының саясатын сынға алып отыр. Сарапшылар сот жүйесіндегі жаңа өзгерістер, мемлекеттің егемендігіне нұсқан келтіреді деп дабыл қағып жатыр. Мына дронмен түсірілген кадрларда ереуілдің қаншалықты ауқымды екенін көруге болады. Дүйім жұрт үкіметке қарсы жазбалары бар плакаттар ұстап, түрлі ұрандар айтты.
Айта кетейік, Израильде мұндай ереуілдер қаңтар айынан бері тоқтамай тұр. Оппозиция үкімет басшысы Биньямин Нетаньяхудың саясатын сынға алып, оның биліктен кетуін талап етіп отыр. Бұл елдегі саяси тұрақсыздыққа әлем елдері де алаңдап отыр.