Германияда халық қымбатшылыққа наразылық білдірді
Германияда халық наразылығы күшейіп келеді.
Ертең елде ауқымды ереуіл болайын деп тұр. Қарсылық шара Мюнхенде басталып кетті. Шаһардағы халықаралық әуежайда ондаған рейс кейінге қалған. Қазір мұнда тым-тырыс, жолаушылар жоқтың қасы. Ереуілдің болатыны туралы алдын ала ескертілген. Жаппай халықтың наразылығына инфляцияның шарықтап кетуі мен жалақының мардымсыздығы себеп. Мұндай ауқымды қарсылық акциясы елде соңғы 10 жылда болмаған. Жоспар бойынша, ереуілге қызмет көрсету саласының милиондаған жұмысшысы мен мемлекеттік қызметкерлер қатысады. Олар жалақыларын 10-нан 12 пайызға дейін өсіруді талап етуде. Кәсіподақтар алдағы уақытта елде теміржол қатынасы тоқтап, әуежайлардың жұмысы бұзылады деп ескертеді.