Коронавирус Корольдікті есеңгіретіп кетті

Ұлыбританияда әр бесінші тұрғынның үшеуі коронавирустан кейін күйзеліске түскен.

Әрі есте сақтау қабілетін нашарлаған. Ғалымдар зерттеу жүргізіп осындай қорытындыға келді. Сауалнамаға қатысқан британдықтардың 60 проценті соңғы екі жылда жүйке жүйесі ауруларына шалдығып, ойлау өрісі нашарлағанын байқапты. Олар коронавируспен ауырғанан кейін осындай жағдайға тап болдық деп шағымданған. Ал күйзеліске ұшыраған адамдардың саны 2020 жылы 12 пайызды құраса, былтыр бұл көрсеткіш 28 процентке жетті. Жергілікті психикалық денсаулықты сақтау  орталығының мамандары, елде он миллионға жуық тұрғын медициналық көмек пен оңалту шараларына мұқтаж-дейді. Бұдан бөлек мамандар есте сақтау қабілетін қалыпқа келтіру үшін дұрыс тамақтанып, жақсы ұйықтап, ішімдіктен бас тарту керектігін айтып, кеңес беруде.