Францияда зейнеткерлік реформаға қарсы тағы жаппай наразылық шерулері өтті
Парижде ондаған мың адам көшеге шықты. Бейбіт шара полициямен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ондаған адам қамауға алынды. Францияда зейнеткерлік жасты ұлғайтуға қарсы наразылық қаңтар айынан бері жалғасып келеді. Үкімет заң жобасын парламенттің талқылауынсыз қабылдап қойды. Бірақ халық оған әлі наразылық танытып келеді.
Эрик Мейер, кәсіподақ өкілі:
- Макрон 2 ай бойы халықтың талабын елемей қойды. Енді ол қабылданған соң кәсіподақтармен әлеуметтік мәселелерді талқылау үшін кездесуге дайын екенін мәлімдеп отыр. Бірақ біз билік мына заңды қайта қарастырмайынша күресімізді жалғастыра береміз.